ҚАЖЫЛЫҚ-2024: УАҒЫЗШЫ-ИМАМДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР ӨТТІ

14 мамыр 2024 329 0
Оқу режимі

ҚМДБ қызметкерлері Алматы қаласында қажылыққа баратын имам ұстаздармен кездесіп, олардың біліктілігін арттыруға арналған семинар өткізді. 

Семинарды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы бастап, биылғы қажылық маусымына дайындық барысын, әр өңірден баратын имам ұстаздарды таныстырып, атқарылатын негізгі жұмыстар жайына тоқталды. Биылғы жылғы қажылық маусымында бес парыздың бірі саналатын құлшылыққа аса мән беру керектігін, үлкен дайындықпен бару қажеттігін айтты. Одан бөлек қажылардың білім деңгейін көтеру, оларды осы сапарға тыңғылықты дайындап, ықыласын арттыру қажеттілін сөз етті. «Қажының рухани келбеті» құжатын әрбір қажылыққа аттанушыға жете түсіндіруді тапсырды. Ал наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы «Уағыз айтудың әдіс-тәсілдері» тақырыбында баяндама жасады. Қажылық уақытында жиі қойылатын сұрақ-жауаптарға дайындықты пысықтаудың маңыздылығын айтты.

Семинардың екінші бөлімінде Бас мүфти кеңесшісі Бижігіт Нұржігітұлы «Қажыларды жат ағымнан сақтандыру» тақырыбында ескеретін маңызды тұстарын жеткізді. Сондай-ақ ҚМДБ «Қажылық» бөлімінің меңгерушісі Жанділлә Бекжігітов, «Дін мен дәстүр» бөлімінің меңгерушісі Нұрбек Есмағанбет қажылық құлшылығына аттанушыларды алдын ала жан-жақты дайындау, уағызшы-имамдардың айтар насихаты мен берер бағытын пысықтауды тапсырды. Ал Ғұламалар кеңесінің мүшесі Төрәлі Қыдыр «Дәстүрлі ислам құндылығы және қажылық амал» тақырыбында баяндама жасады.

Жиын барысында уағыз-насихаттың жүйелі болуы, қажыларға ықыласпен қызмет көрсету, қазірден бастап рухани дайындықты күшейтуге мән беру қажеттігі айтылды. 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру