«ҚАЖЫЛЫҚ-2026»: ТУРОПЕРАТОРЛАР ДӘРІГЕРЛЕРІНІҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

24 сәуір 2026 112 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасында қажылық маусымына дайындық аясында жауапты 14 туроператордың дәрігерлерімен арнайы онлайн жиын өтті.

Жиын барысында қажыларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасы, дәрі-дәрмектердің жеткілікті болуы,сондай-ақ денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жан-жақты талқыланды.

«Медицина мамандарына қажылардың денсаулығы мен жалпы жағдайын тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін ескертіп, бұл бағыттағы жауапкершіліктің жоғары екенін жеткіздік. Сондықтан біз үшін қажылардың құлшылығын дұрыс орындауымен қатар, олардың әрқайсының денсаулығы мен хал-ахуалы өте маңызды», - деп атап өтті Қазақстан қажылық миссиясының төрағасы Кенжетай Байкемелұлы

Айта кетейік, биыл конкурстық негізде 14 туроператорға жалпы саны 4000 қажылық орны бөлінді. Отандастарымыз 15 мамыр күні қасиетті сапарға аттанып, 9 маусым елге оралады деп жоспарлануда. Биылғы маусымда конкурстық негізде қажыларды тасымалдау жұмыстары Қазақстандық Air Astana және SCAT, сондай-ақ Саудиялық Flyadeal әуекомпанияларымен жүзеге асады.Ұшу рейстері еліміздің ірі мегаполистері – Алматы, Астана және Шымкент қалаларынан тікелей Джидда мен Мәдина қалаларына бағытталады. Қажылардың елге қайту сапары да осы екі қаладан кезең-кезеңімен жоспарланған.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру