ҚМДБ: АҚПАРАТ САЛАСЫНДАҒЫ ЖҰМЫСТАР ТАЛҚЫЛАНДЫ

06 мамыр 2024 1156 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының орталық Аппаратында Ақпарат бөлімі және мүфтияттың төл телеарнасы «Munara TV» жұмысы мен жоспарын талқылау жөнінде жиын өтті.

ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлының жетекшілігімен өткен басқосуға Ақпарат бөлімі мен «Munara TV» қызметкерлері мен өңірлердегі жауапты өкілдері қатысты. Арнаның биылғы бірінші тоқсандағы жұмысы қорытындыланып, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы діни-рухани бағыттағы жалғыз телеарнаның аса маңызды жоба екеніне тоқталды. Сондай-ақ, Ақпарат бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы мен «Munara TV» директоры Еркін Шәкірұлы атқарылған жобалар және алдағы жоспарларды баяндады. Ал арнаның кеңесшісі Нұржан Таласұлы шығармашылық контенттерге қатысты ұсыныстарын бөлісті.

Одан бөлек, ақпарат саласына жауапты өңірлердегі өкілдер өздерінің ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, діни телеарна жұмысын жетілдіру бойынша нақты нұсқамалармен танысты. Сонымен қатар, жиында аймақтардағы студияларға қажетті құрал-жабдықтар жөнінде айтылып, шешілуі тиіс мәселелер талқыланды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру