ҚМДБ АВИАКОМПАНИЯЛАР АРАСЫНДА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

02 қыркүйек 2026 57 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қажыларымызды әуе тасымалдауда қолайлы жағдай жасау үшін әділ бәсекелестікке қол жеткізу мақсатында қазақстандық және шетелдік әуекомпаниялар арасында ашық конкурс жариялайды.

КОНКУРС ТАЛАПТАРЫ:

1. Үміткер авиакомпанияның «Қажылық-2027» маусымында қазақстандық қажыларды тасымалдауға ниет білдіру туралы хат жолдау;

2. Қажылық маусымында Қазақстан Республикасы мен Сауд Арабия Королдігінің арасындағы тікелей әуе бағытқа арналған куәлiктерінің және екі елдің авиациялық талаптарына сай лицензияларының болуы;

3. Авиакомпанияның А нүктесінен (Астана, Алматы, Шымкент, Ақтау, Түркістан қалалары) Б нүктесіне (Жидда, Мадина қалалары) алып баруға және алып келуге ұсынылған қолайлы билет құнын ұсыну;

4. Авиакомпания Қазақстан Республикасының қажыларын 01.05.2027ж. мен 10.05.2027 ж. аралығында А нүктесінен Б нүктесіне жеткізуге және 21.05.2027ж. мен 01.06.2027ж. аралығында Б нүктесінен А нүктесіне жеткізетін ұшақ борттары жайлы мәлімет ұсыну;

Ескерту: Сауд Арабиясының талаптарына қарай аталған мерзімдер 1-3 күнге өзгеруі мүмкін.

Аталған құжаттар 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап hajj@muftyat.kz поштасы арқылы а.ж. 7 қыркүйегіне дейін қабылданады.

Көрсетілген мерзім аралығында құжаттарын тапсырмаған авиакомпанияның ұсыныстары қаралмайды!

Туындаған сұрақтар бойынша аталған поштаға және ҚМДБ Қажылық бөліміне: +7 717 299 93 87, Жүсіпов Ерболат, хабарласуға болады.    

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру