ҚМДБ ҒҰЛАМАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ПӘТУАЛАРЫ ЕЛОРДА ИМАМДАРЫНА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ (ФОТО)

27 қаңтар 2025 567 0
Оқу режимі

 «Әзірет Сұлтан» мешітінде елорда имамдарының басқосу жиыны өтіп, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінде қабылданған діни үкімдер таныстырылды.

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімінің Астана қаласы бойынша жауапты маманы, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Тамирлан Дарханұлы энергетик сусындарды тұтынудың үкімін таныстырып, қабылданған тиісті пәтуаларды баяндап өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында имамдар жаңа пәтуалардың мазмұнын халыққа жеткізудің жолдары, шариғатқа сай өмір сүру мәселелерін қоғамға насихаттау және өзекті мәселелер бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын талқылады.

Жиналыстың соңында ҚМДБ Ғұламалар кеңесі қабылдаған үкімдерге сәйкес, халық арасында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берілді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру