ҚМДБ «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ

22 тамыз 2026 45 0
Оқу режимі

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қоры және «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Құжатқа ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, «Креативті индустрияларды дамыту қоры» корпоративтік қорының Бас директоры Ерлан Каналимов және «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының төрағасы Бақытжан Тұрлыбеков қол қойды.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай отырыстарында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, жас ұрпақтың білімге құштарлығын арттыру мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президент кітап оқитын ұлттың зияткерлік әлеуеті жоғары болатынын атап өтіп, қоғамда кітап оқу мәдениетін орнықтырудың маңызын бірнеше рет айтқан болатын.

Осы бағыттағы бастамаларды қолдау мақсатында жасалған меморандум қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, рухани-ағартушылық құндылықтарды дәріптеу, жастар мен отбасыларды кітап оқуға тарту және «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруды көздейді.

 

 

 

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру