ҚМДБ мен «Харекет» қоры ортақ меморандум қабылдады (ФОТО)

13 қыркүйек 2018 6914 0
Оқу режимі

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен ««Харекет» қайырымдылық қоры» арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум қабылданды. Меморандумға қол қою рәсіміне ҚМДБ тарапынан наиб мүфти Алау Әділбай, қор атынан директор Алғадай Әбілғазыұлы қатысты.

ҚМДБ төраға орынбасары Алау Шайқымұлы өзара ықпалдастықты арттыруды көздейтін меморандум дәстүрлі рухани адамгершілік пен діни құндылықтарды дамытуға, бейбітшілікті, қоғамдағы достық пен келісімді нығайтуға, тұрақтылықты қолдауға, радикализм мен діни экстремизмнің алдын алуға қызмет ететінін атап өтті.

Тараптар төмендегі бағыттар бойынша бірлесе қызмет етпек:

- жастардың білімін арттыру, ғылымды, мәдениетті, дінді өркендету;

- қоғамның, оның ішінде жастардың діни сауаттылығын арттыру, радикализм, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу;

- халық арасында ақпараттық-ағарту жұмысын күшейту, қоғамдағы тұрақтылықты, этносаралық және дінаралық келісімді сақтау, азаматтардың деструктивті діни идеологияға қарсы иммунитетін қалыптастыру;

- деструктивті діни ағымдардың әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарға психологиялық, құқықтық көмек көрсету және әлеуметтік оңалту;

- оқу курстарын, тренингтер, семинарлар мен басқа да форумдар ұйымдастыру;

- отбасы мен қоғамның адамгершілік, моральдық негіздерін сақтау, дәстүрлі Ислам құндылықтарын және ата-бабаларымыздың рухани мұрасын нығайту;

- жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу, т.б.

Дереккөз: muftyat.kz

Пікірлер Кіру