ҚМДБ: ҚҰРБАН АЙТТЫҢ БІРІНШІ КҮНІ 34 898 ОТБАСЫҒА ЕТ ТАРАТЫЛДЫ (27.05.2026)
Қайырымдылық – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының қоғамға бағытталған басты бағыттарының бірі. Биыл да ҚМДБ құрбан шалуды дәстүрлі түрде және QURBAN.MUFTYAT.KZ сайты арқылы онлайн форматта ұйымдастырып отыр.
27 мамыр – Құрбан айттың бірінші күні еліміз бойынша жалпы саны 18 710 мал құрбандыққа шалынған. Оның ішінде 941 өтініш онлайн форматта қабылданған. Мал түрлері бойынша: қой – 16 593, ешкі – 1 014, ірі қара – 1 088, түйе – 15.
Құрбандық еті республика көлемінде 34 898 мұқтаж отбасы мен 324 әлеуметтік мекемеге үлестірілді.
Айта кетейік, онлайн құрбан шалуға тапсырыстар Qurban.muftyat.kz сайты арқылы мамыр айының 29-ы күні сағат 12:00-ге дейін қабылданады.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді дана халқымыз. Алла Тағала шын ықыласпен құрбан шалып, сауапты амалға үлес қосқан барша азаматтардың ниетін қабыл еткей!







































Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі