ҚМДБ: РАМАЗАННЫҢ АЛҒАШҚЫ ОН КҮНІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ЖҰМЫСТАР ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛДІ

08 наурыз 2026 138 0
Оқу режимі

Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде Ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Нұрсұлтан Сәбитұлы Рамазан айының алғашқы он күнінде атқарылған жұмыстарды таныстырды.

«Есепті кезеңде muftiyat.kz ресми сайтында 60-тан астам жаңалық жарияланып, материалдардың жалпы қаралымы 500 мыңнан асты. Сонымен қатар Рамазан айының мәні мен маңызына қатысты 25-ке жуық танымдық мақалалар жарық көрді.

Әлеуметтік желілерде Рамазан айына арналған танымдық және рухани бағыттағы контенттер тұрақты түрде жарияланып, бейнематериалдар мен жазбалар миллиондаған аудиторияға жетті. Шариғат және пәтуа бөлімінің мамандарының қатысуымен тікелей эфирлер ұйымдастырылып, жамағаттың сауалдарына жауап берілді.

Сондай-ақ Instagram және TikTok платформаларында күн сайын сәресі уақытында сұрақ-жауап форматындағы тікелей эфирлер өткізіліп, түскі уақытта сағат 13:00–14:00 аралығында Құран хатым онлайн түрде оқылуда.

Халыққа пайдалы ақпарат ұсыну мақсатында «Менің алғашқы оразам», «Менің алғашқы тарауық намазым» атты арнайы айдарлар жарияланып, Халал даму мекемесімен бірлесіп ірі қалалардағы халал сертификаты бар дәмханалардың тізімі ұсынылды.

Өңірлік өкілдіктерде де Рамазан айына байланысты ақпараттық-насихат жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп, танымдық материалдар мен онлайн жобалар жамағатқа ұсынылуда.

Нұр-Мүбәрак мешіті және Алматы қалалық өкілдігімен бірлесе отырып Рамазан айына арналған 15 сериядан тұратын арнайы инста-сериал жобасы іске қосылды. Жоба аясында жаңа сериялар әлеуметтік желіде тұрақты түрде жарияланып, рухани мазмұндағы қысқа оқиғалар көрермен назарына ұсынылуда.

Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарымен белсенді жұмыс жүргізіліп келеді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының қасиетті Рамазан айымен құттықтауы БАҚ арқылы кеңінен жарияланды. Бұдан бөлек, Тәуелсіздіктің 35 жылдығына орай ұйымдастырылған «Рамазан сыйы» қайырымдылық марафоны да ақпарат құралдары арқылы насихатталуда.

Алдағы уақытта да Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ақпараттық ресурстарында Рамазан айына арналған жобалар мен ақпараттық жұмыстар жалғасын табады», – деді бөлім меңгерушісі Нұрсұлтан Сәбитұлы.










Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру