ҚМДБ төрағасы Алматыда қайырымдылық шарасына қатысты (ФОТО)

19 қаңтар 2022 2573 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы орталық мешітінде өткен «Күшіміз – бірлікте» қайырымдылық шарасына қатысты.

Қайырымдылық акция аясында мұқтаж 1000 отбасыға көмек көрсетілді. Әр отбасыға 25 келіден қажетті азық-түлік салынған 25 тонна қорапты имамдар мен еріктілер таратты.

«Қиын сәтте бірлігімізді көрсету үшін жұмылып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырып отырмыз. Қазіргі сәтте әрқайсымызға қолдау қажет. Діни басқарманың жұмыс бағытының бірі – қайырымдылық көрсету. Жуырда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен «Қазақстан халқына» қоғамдық әлеуметтік қоры құрылды. Дін қызметкерлері де қолдау көрсетуді бастады. Осы ретте сабыр мен тұрақтылық біздің табан тірейтін тұғырымыз болуы тиіс. Бұл қиындық та өтер, кетер. Бірақ біздің сабырымыз, бірлігіміз, берекеміз кетпеуі керек» деген Бас мүфти елді бірлікке шақырды.

Айта кетейік, қайырымдылық шарасы барысында мешітке тіркелген отбасылар келіп, Бас мүфти қолынан қажетті азық-түлік алды. ҚМДБ Төрағасы мұндай игі істердің жыл бойы жалғасатынын жеткізді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру