ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ АСТАНАДАҒЫ «ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНДЕ ЖҰМА НАМАЗЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)

29 наурыз 2024 1173 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде жұма намазын өткізді.

ҚМДБ Төрағасы жұма құтпасында: Жаратқан Алла Тағала Қасиетті Құранда: «Күдіксіз: «Раббымыз – Алла» деп, кейін тура жолды ұстанғандарға ешқандай қорқыныш жоқ әрі олар қайғырмайды», – деп айтқан («Ахқаф» сүресі, 13-аят). Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) хадисінде: «Аллаға иман келтірдім де, сосын тура жолда берік бол», – деген (имам Мүслим).

Расында да адам баласына қажетті болған сипат – истиқамат. Яғни, дінде берік болу. Дінде берік болу деп – тура жолды тауып, хақ діннің жолына түскеннен кейін, оңды-солды ауытқымай, діннің барлық бұйрықтарына бағынып, тыйымдарынан толықтай тыйылу, құлшылықтарды орындауда табанды болу. Бұл әрбір мұсылман баласы үшін маңызды» деді.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру