ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ: АСТАНАДАН ZEKET HUB АШАМЫЗ

29 қаңтар 2023 1379 0
Оқу режимі

Бұл туралы Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде дін қызметкерлеріне арналған бағдарлық баяндамасында мәлімдеді.

«Аллаға шүкір, қазір Діни басқарманың қайырымдылық бағытындағы жұмыстары жетіліп келеді. Осы ретте қайырымдылық көмек көрсету ауқымын және сапасын жақсарту үшін Астана қаласынан «Зекет және қайырымдылық» қорының арнайы қойма орталығын (Zeket Hub) ашамыз. Қоймада жыл бойы қайырымдылық көмекке арналған азық-түлік пен киім-кешекті сақтау және тарату, сондай-ақ мұқтаждарға әлеуметтік кеңес беру бойынша қажетті көмек көрсетіледі» деді ҚМДБ Төрағасы.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру