ҚМДБ төрағасы аудан тұрғындарымен кездесті (ФОТО)

17 қазан 2021 362 0
Оқу режимі

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Солтүстік Қазақстан облысына жасаған жұмыс сапары барысында Мағжан Жұмабаев ауданында  болып, жергілікті жұртшылықпен жүздесті.

Кездесуге аудан әкімі Қайрат Омаров, жергілікті ардагерлер кеңесінің мүшелері, сонымен қатар мешіт жамағаты қатысты.

Аудандық орталық мешітте өткен кездесуде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Діни басқарманың игі істері мен ізгі бастамалары жайлы баяндап өтті. Сонымен қатар Діни басқарманың өз қызметі аясында басымдық беретін жеті бағыт бойынша жүзеге асып жатқан іс-шаралары жайлы ақпарат берді.

«Бүгін біз Мағжан Жұмабаев ауданында салынатын жаңа мешіттің іргетасын қаладық. Мешіті  бар мекенге Алланың жақсылығы мен берекесі жауады. Мешітке келген жастар ізгілік пен мейірімділікті бойына сіңіреді. Сонымен қатар мешітте жәрдемге мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсетіледі. Бір сөзбен айтқанда, мешіті бар ауыл берекеге бөленеді. Алланың үйін салуға ниет еткен азаматтарға айрықша алғысымды білдіремін. Алла разы болсын. Хақ Тағала мол сауаптан жазғай» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Басқосуда Бас мүфти Солтүстік Қазақстан облысына білікті бас имамды тағайындағанын, бұл кадрлық өзгерістер өңірдегі діни ахуалға оң ықпал ететінін атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру