ҚМДБ Төрағасы қала бас имамының қызметіне сәттілік тіледі

25 мамыр 2026 188 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы елордадағы Әзірет Сұлтан мешітіне арнайы келіп, жамағатпен жүздесті. Бас мүфти мешітте бесін намазын жүргізіп, көпшілікке уағыз-насихат айтты.

Кездесу барысында Бас мүфти жамағатқа Астана қаласының жаңадан тағайындалған бас имамы Нұрбек Әуесханұлын таныстырып, оның осы уақытқа дейінгі еңбек жолы мен діни саладағы қызметіне қысқаша тоқталды. Сонымен қатар жаңа қызметіне сәттілік тілеп, елордадағы діни-ағарту жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырудың маңызын атап өтті.

Уағыз барысында мұсылман қауымын бірлікке, ізгілікке, ынтымақ пен бауырмалдыққа үндеген Бас мүфти алдағы Құрбан айт мейрамының рухани мәніне де тоқталып, жамағатты игі амалдар жасауға шақырды.

Жиын соңында ел тыныштығы мен жұрт амандығы үшін дұға жасалып, жамағат Бас мүфтиге ізгі тілектерін білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру