ҚМДБ төрағасы Қазақстан және Астана митрополиті александрмен сұхбаттасты (ФОТО)

22 қыркүйек 2020 288 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы еліміздегі Орыс православие шіркеуінің Қазақстан және Астана митрополиті Александр бастаған делегацияны қабылдады.

Кездесуде тараптар елімізде қалыптасқан дінаралық татулық пен келісім, ұлтаралық достық пен бірлікті нығайтудың маңызы туралы әңгімелесті. Сонымен қатар, тараптар адамгершілік құндылықтарды насихаттау жайлы пікірлерін ортаға салды. Дін басшылары халықты ізгілікке, адамгершілікке шақырып, елдің бірлігін нығайту жолында бірлесе жұмыс істеу қажеттігін сөз етті.

Өз кезегінде Қазақстан және Астана митрополиті Александр Бас мүфтиді жаңа қызметімен құттықтап, игі бастамаларына сәттілік тіледі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру