ҚМДБ төрағасы Қырғызстан мүфтиімен жүздесті (ФОТО)

25 қараша 2021 2296 0
Оқу режимі

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Замир қажы Ракиевпен кездесті. Кездесуде бауырлас елдердің діни саладағы байланысын нығайтудың маңызы сөз болды.

«Қазақ-қырғыз халқының діні мен ділі бір. Алла Тағала екі елдің бауырластығын бекем еткей. Тәуелсіздігіміз баянды болғай. Шақыртуымызды қабыл алып, халықаралық конференциямызға келгеніңіз үшін сізге үлкен ризашылығымды білдіремін», – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Өз кезегінде Қырғызстан мүфтиі Замир Ракиев Наурызбай қажы Тағанұлының жұмысына сәттілік тілеп, ізгі ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен ел егемендігінің 30 жылдық мерейтойына орай «Тәуелсіз Қазақстан және Ислам құндылықтары» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Конференция жұмысына шетел мүфтилері мен елшілері қатысады.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру