ҚМДБ төрағасы Татарстан президентімен сұхбаттасты (ФОТО)

19 мамыр 2022 2004 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қазан қаласында басталған «Ресей – Ислам әлемі: KazanSummit» ХІІІ халықаралық экономикалық саммит аясында Татарстан Президенті Рустам Миннихановпен сұхбаттасты.

Сұхбат барысында Бас мүфти халықаралық іс-шараны ұйымдастырған және қазақстандық делегация үшін арнайы шақыру жіберген Татарстан басшысына алғысы мен ризашылық ниетін жеткізді.

Айта кетсек, Бас мүфти бастаған қазақстандық делегация «RUSSIA HALAL EXPO 2022» халықаралық көрмесін тамашалады.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру