ҚМДБ ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ ЖАҢА МЕҢГЕРУШІСІ ЕЛОРДА МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ Жастар ісі секторының жаңадан тағайындалған меңгерушісі Нұрболат Советханов елорда мешіттерінің осы салаға жауапты мамандарымен кездесті.
Басқосуға Астана қаласының Бас имамы Нұрбек қажы Әуесханұлы, Астана қаласы Жастар ісі секторының жетекшісі Шалқар Жолды қатысты.
Бас имам Нұрболат Серікұлын жаңа қызметімен құттықтады. Еңбегіне береке тілеп, бұл бағыттың жауапкершілігі зор екенін еске салды.
«Жастар ісі – үлкен жауапкершілікті талап ететін маңызды бағыт. Өйткені жастар – қоғамның қозғаушы күші, елдің ертеңі. Олардың діни сауатты, тәрбиелі, білімді әрі отаншыл болып қалыптасуына үлес қосу – баршамыздың ортақ міндетіміз», – деді Нұрбек қажы Әуесханұлы.
Бас имам жас буынның талап-тілегін, заман ағымын ескеріп, бастамаларын қолдау қажет екенін айтты. Білім жетілдіру, қоғамдық белсенділікті арттыру, қайырымдылыққа баулу қатар жүруі тиіс.
Сектор меңгерушісі Нұрболат Серікұлы да ортақ жобаларды талқылап, елордалық әріптестерімен бірлесіп, жастардың басын біріктіретін бастамаларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі