Қой бастары да тұрғындарға таратылу үстінде (ФОТО)

01 тамыз 2020 1371 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай ҚМДБ тарапынан ұйымдастырылған Құрбан шалу рәсімі бүгін де қызу жалғасу үстінде. Құрбан малдарын сойып, мұқтаж отбасыларға тарату жұмыстарын айттың алғашқы күні-ақ белсене бастап кеткен ҚМДБ Нұр-Сұлтан өкілдігінің қызметкерлері бүгін де игілікті шараның көрігін қыздыра түсті..

Айта кетейік, ҚМДБ ұйымдастырған қашықтықтан уәкілдік беру арқылы құрбан шалу акциясы аясында кешегі күнгі дейін Елорда өкілдігі бойынша 32 ірі қара және 600 қой түлігі жиналған болатын. Осы орайда, құрбан етін алуға онлайн өтініш білдірген тұрғындарға құрбандық еттеріне қоса, үйітілген қой бастары да қоса таратылуда. Сондай-ақ, құрбандық малдарының ішек-қарындарын қараусыз қалдырмай, бірден тазаланып мұқтаж жандарға берілу үстінде.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру