«ҚҰДАЙЫ АС – ЖАРЫС ЕМЕС, САУАП» ТАҚЫРЫБЫНДА УАҒЫЗ АЙТЫЛДЫ
27 қазан 2026
34
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әйел-қыздар жамағатына арналған рухани кездесу өтті. Кездесу барысында мешіт ұстазы Айдана Әбдімәжітқызы «Құдайы ас – жарыс емес, сауап» тақырыбында тағылымды уағыз айтты.
Уағыз барысында құдайы ас берудің негізгі мақсаты, марқұмдарға дұға жасау, ас беру кезіндегі ысырапшылдыққа жол бермеу, қарапайымдылық пен шынайы ниеттің маңыздылығы түсіндірілді.
Сондай-ақ жамағатқа ас беруді бәсекеге айналдырмай, ұлттық дәстүр мен шариғат талаптарын үйлестіре отырып өткізу қажеттігі насихатталды. Рухани кездесуге қатысқан әйел-қыздар пайдалы мағлұмат алып, тағылымды насихат тыңдады.

Дереккөз:
Пікірлер
Кіру