ҚҰРАН КӘРІМДІ ЖАТҚА ОҚУ БОЙЫНША ҚЫЗДАР АРАСЫНДА ІІІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ӨТЕДІ

01 маусым 2023 1582 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында ІІІ республикалық байқау өтеді.

Қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа оқудан ІІ республикалық байқау қарилардың Құран Кәрімді оқу және жаттау деңгейін көтеру, өзара тәжірибе алмасу, мұсылман жамағатының құрани сауатын көтеру арқылы қоғамның руханиятын арттыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Жарысқа қатысушы қыздар Құранның 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынай алады. Үміткерлердің құжаттары осы жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.

 

Үміткер қыздарға қойылатын талаптар:

  1. Үміткердің ҚР азаматы болуы;
  2. әйел кісі болуы;
  3. әр номинацияда талап етілетін параларды толық жаттауы;
  4. жарысқа қатысушының жаттаған паралары толық болуы керек, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды.
  5. жарысқа қатысу құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімде тапсыруы;
  6. үміткер бір номинацияға ғана қатыса алады;
  7. үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында I-орын алған жағдайда жарысқа жолдама ала алады;
  8. әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ұсынылады (барлығы 4 үміткер);
  9. іріктеуден өткен үміткер номинациясын ауыстыра алмайды;
  10. ақтық сайысқа келген үміткер жарысқа қатысудан бас тартуына болмайды;
  11. үміткердің жасы 30-дан аспаған болуы;
  12. Толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша Республикалық, Халықаралық жарыстарда жүлделі орын (1 орын) алмаған болуы керек;
  13. 2022 жылғы IІ Республикалық Құран жарысындағы 5-10 және 20 паралары бойынша жеңімпаздар (1 орын) тек жоғары номинацияларға ғана қатыса алады.

 

Талап етілетін құжаттар:

  • Анкета (бекітілген үлгі бойынша);
  • жеке куәлік (паспорт) көшірмесі;
  • 1- орын сертификатының көшірмесі;
  • ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамының ұсыныс хаты.
     

Номинациялары:

  1. Толық Құранды жатқа оқудан;

1-орын (1 500 000 тг.)

2-орын (1 200 000 тг.)

3-орын (1 000 000 тг.)

 

  1. Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын (1 000 000 тг.)

2-орын (800 000 тг.)

3-орын (600 000 тг.)

 

  1. Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын (600 000 тг.)

2-орын (400 000 тг.)

3-орын (300 000 тг.)

 

  1. Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша;

1-орын (400 000 тг.)

2-орын (300 000 тг.)

3-орын (200 000 тг.) 

 

Жалпы жүлде – 8 300 000 тг.

 

Ұйымдастырушылар:

  • Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы;
  • ҚМДБ Алматы қаласы өкілдігі (жұмысшы аппарат);
  • ҚМДБ-ның облыстардағы өкілдіктері.

 

Жауапты тұлғаның байланыс мәліметтері:

Қажылық бөлімінің меңгерушісі – Жәнділлә Мамытханұлы

Тел: +7 701 477 07 17.

e-mail: quran@muftyat.kz

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру