ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ЕЛІМІЗДІҢ МЕШІТТЕРІНДЕ АЙТ НАМАЗЫМЕН БАСТАЛДЫ

27 мамыр 2026 110 0
Оқу режимі

Бүгін, 27 мамыр күні, қасиетті Құрбан айт мерекесінің алғашқы күніне орай Қазақстанның барлық мешіттерінде айт намазы оқылды. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі мұсылман жамағаты таңсәріден мешіттерге жиналып, бірлік пен бауырмалдықтың нышаны болған ұлық мейрамды ұлықтады. 

Еліміздің барлық мешіттерінде имамдарымыз жамағатқа Құрбан айттың мән-маңызы, құрбан шалудың тарихы мен хикметі туралы уағыз-насихат айтты. Айт намазынан кейін елдің амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасалды.

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтайды. 





 

 

 

 

 
      

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру