Құрбан айт мерекесіне орай қайырымдылық семинар-тренинг ұйымдастырылды (ФОТО)

12 шілде 2022 2721 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айт мерекесінің құрметіне орай республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Әлемді әйел тербетер» атты қайырымдылық семинар-тренинг болып өтті. Айт мерекесінің соңғы күніне орайластырылған семинар-тренингке қаладағы жеті мешіт бойынша 70-ке жуық қыз-келіншек қатысып, түрлі сала мамандарынан дәріс тыңдап, жұмыс тәсілдерін үйренді.

Ұстаздардың ұйытқы болуымен семинарға қатысушыларға арнайы айттық дастарханы жайылып, сауапты шара мерекелік көңіл-күймен әрленді. Семинар-тренинг барысында қатысушыларға нейропсихолог Гүлнұр Темірбекқызы, Айгүл Сауранқызы және «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстаздары Зарина Жүкенова мен Эльмира Бұхарбаевалар әйелге қатысты түрлі тақырыптар бойынша мол мағлұматтар берді.

Шара соңында семинарға қатысушыларға арнайы сыйлық сөмкелері үлестірілді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру