Құрбан айт қарсаңында балалар үйіне сыйлық жасалды (ФОТО)

05 шілде 2022 3206 0
Оқу режимі

Қасиетті Құрбан айт қарсаңында іске қосылған «Құрбан айтта қуандыр» жобасы аясында бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы Мамандандырылған жетім балалар үйіне зиярат жасалып, бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталды. Қалалық «Әс-Салам» мешіті демеушілігімен балаларға түрлі тәттілер мен сусындар, жеміс-жидектер, күнделікті қажетті заттар мен жөргектер табысталды.

Игі шараға «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Мерей Жақия мен «Әс-Салам» мешітінің бас имамы Дастан Смағұлов қатысып, ізгі ниеттерін жеткізді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру