Құрбан айтқа орай семинар ұйымдастырылды

30 мамыр 2023 1465 0
Оқу режимі

Астанада ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының өңірлердегі жауапты өкілдерінің қатысуымен құрбан айтқа дайындық семинары өтті.

«Zeket Hub» орталығында өткен жиынға қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы мен Шариғат және пәтуа бөлімінің сарапшысы Медет Құрмашұлы арнайы қатысып, дәріс оқыды.

Сондай-ақ семинарда құрбан айт қарсаңында қайырымдылық бағытында атқарылатын жұмыстар талқыланып, жоспар пысықталды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру