Құрбан айттың үшінші күні 48 252 отбасыға ет таратылды (ФОТО)

12 шілде 2022 2913 0
Оқу режимі

Құрбан айттың үшінші күні республика бойынша 48 252 мұқтаж отбасыға құрбандық еті жеткізілді.

Республика бойынша 11 689 қой, 981 ешкі, 706 ірі қара және 1 түйе шалынса, айттың соңғы күні qurban2022.kz сайты арқылы құрбан шалуға 208 тапсырыс келіп түскен. Онлайн тапсырыс беру бойынша 170 қой, 26 ешкі, 2 ірі қара және 7 адам бірігу арқылы 10 ірі қара құрбандыққа шалынды.

Еліміз бойынша qurban2022.kz сайтына қашықтан құрбан шалуға тапсырыс берген азаматтардың уәкілдік құрбандығы толығымен орындалды. Осы уәкілдік құрбандығының есебі, яғни, атқарылған іс-шаралардың фото, видео мәліметі толық жіберілді.

Еске сала кетейік, биыл елімізде құрбан шалу рәсімі офлайн және онлайн форматта атқарылды. Шалған құрбандық, ізгі ниет қабыл болсын!

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру