Қырғызстан: «Тойбосс» шұжық цехы сертификат жаңартуда (ФОТО)

19 ақпан 2021 165 0
Оқу режимі

Халал Даму» мамандары Қырғызстандағы ең замануи әрі модернизденген «Тойбосс» шұжық цехында бақылау-қадағалау шараларын жүргізді.

Аудит жұмыстарын «Халал Даму» директоры Айбек Асқарбекұлы мен Алматы облысы бойынша жауапты өкіл Жұмабеков Жанәбіл орындады.

«Тойбосс» сауда маркасы – 2012 жылы құрылып, қысқа мерзім ішінде Қырғызстан, Қазақстан, Тәжікстан, Ресей нарығын сапалы да халал шұжық өнімдерімен бағындырған жас кәсіпорын.

Дәстүрлі рецепттер, заманауи технологиялар мен жоғары өндірістік стандарттардың үйлесуі – «Тойбосс» шұжықтарының негізгі ерекшелігі. Сапа деңгейін тұрақты түрде дамытып қана қоймай, технологиялық рецептерді қатаң сақтау және халал шикізатты пайдалану арқылы өндірілетін «Тойбосс» шұжықтары талғампаз тұтынушылар тарапынан жоғары бағалануда.

«Халал Даму» мамандары тарапынан жүргізілген бақылау-қадағалау шараларының қорытындысы бойынша: «Тойбосс» шұжық цехының жұмысы өте жоғары деңгейде. Өндірісте қолданатын шикізат көздері, тағамдық қоспалары, зауыттың жабдықтары «ҚМДБ халал» стандарты талаптарына толықтай сай. Қызметкерлердің де санитарлық-гигиеналық шараларды сақтауы үшін барлық жағдайлар қарастырылған. Сонымен қатар, өндіріс орнында шикізатқа микробиологиялық, физика-химиялық және органолептикалық сынақтар жүргізілетін, қондырғылар мен жабдықтардың санитарлық тазалығын қадағалайтын зертхана бар.

«Тойбосс» шұжық цехының сертификат жаңарту процессі әлі де жалғасып жатқандығын, жұмыс барысы толықтай аяқталғаннан кейін ғана «ҚМДБ халал» сертификаты табысталады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру