Қыздар арасында ІІ Республикалық қарилар байқауының жеребесі тартылды (ФОТО)

08 наурыз 2022 2503 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасындағы ІІ республикалық байқаудың жеребе тарту рәсімі өтті.

Елорда төріндегі «Әбу Насыр әл-Фараби» мешітінде өткен жеребе тарту рәсіміне төрешілер, үміткерлер мен қари ұстаздар, сондай-ақ байқау ұйымдастырушылары қатысты.

Наурыз айының 9-10 күндері Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «әл-Фараби» залында өтетін байқауда қарилар 5 пара, 10 пара, 20 және 30 параны жатқа оқудан бақ сынайды.

«Қазір әлем бойынша әйел қарилар арасындағы ең жасы – 4 жаста болса, Құранды толық жаттаған ең егде қари 67 жаста екен. Осы байқауға қатысу үшін еліміздің түкпір-түкпірінен келдіңіздер. Алла Тағала қадамдарыңызға мол сауаптан жазып, байқауымызға береке берсін! Баршаңызды жарысқа сақадай сай деген сенімдеміз. Сәттілік тілейміз», – деді Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейтбеков.

Айта кетейік, байқауға 47 қари қатысса, олардың ең жасы 11 жаста болса, ең үлкені – 27-де.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру