«РАИСА АНА» МЕШІТІ «БЕРЕКЕЛІ РАМАЗАН» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫН ӨТКІЗДІ (ФОТО)
18 наурыз 2025
535
0
Оқу режимі

Астана қаласы өкілдігінің «Рахымқызы Раиса ана» мешітіндегі қыз-келіншектер мектебі «Берекелі Рамазан» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Бұл игі бастама аясында көпбалалы, жалғызбасты аналар мен мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 10 отбасыға азық-түлік себеттері тарту етілді.
«Берекелі Рамазан» шарасының мақсаты – мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, қасиетті айдың шапағатын бөлісу. Рамазан – мейірімділік пен қайырымдылықтың айы, сондықтан осы игі істе үлес қосқан әрбір жанның жасаған жақсылығы үлкен сауапқа жазылады.
Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру