«Раиса ана» мешіті тұрғындар арасында викториналық ойын өткізді (ФОТО+ВИДЕО)

22 қыркүйек 2020 4024 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұйытқы болуымен кеше «1000 жылда бір туатын тұлғалар» атты Елорда тұрғындары арасында викториналық ойын өткізілді. Елорда төріндегі «Ханшатыр» сауда орталығында өткен білім сайысының негізгі сұрақтары ұлтымыздың мақтанышы, ұлы тұлғалар Абай Құнанбайұлы мен Әл-Фараби бабамыздың өміріне арналды.

Данышпан бабаларымыздың биылғы жылға дөп келген мерейтойларына орай қоғам арасында құнды мұраларын насихаттап, ұрпақ санасына сіңіруге бағытталған бұл шара аясында 30-ға жуық жан тосын сұрақтарға мүдірмей жауап беріп, қаумалаған көпшілік пен ұйымдастыруышлардың көңілінен шығып, өз білімдерімен тәнті етті.

Айта кетейік, викториналық ойынға қатысушылардың барлығы ұйымдастырушылар атынан арнайы сыйлықтар берілді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру