«Раиса ана» мешіті жүргіншілер арасында викторина өткізді (ФОТО)

17 қыркүйек 2021 501 0
Оқу режимі

Нұр-Сұлтан қаласындағы «Рахымқызы Раиса ана» мешіті ұжымының ұйымдастыруымен кеше құлшылық ордасына жақын орналасқан теміржол вокзалына келушілер мен мекеме қызметкерлері арасында викториналық сайыс өткізілді.

Қазақстан республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толу меретойына орай ұйымдастырылған викториналық сайыстың тақырыбы «Қазақ хандығы тарихына» арналып, көрнекті жазушы І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы және т.б. тарихи кітаптардан іріктеліп алынған сұрақтар қойылды. Тарихи сұрақтарға тұшымды жауап берген 30 кісіге құнды сыйлықтар табысталды.

Жастардың санасына отансүйгіштікті ұялататын мәнді мағлұматқа сусындататын осындай шаралардың жалғасын тауып тұруын сұрап, риза болған қатысушылар батасын беріп тарқады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру