«РАХЫМҚЫЗЫ РАИСА АНА» МЕШІТІНДЕ «ӘКЕ – ОТБАСЫ ТІРЕГІ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ (ФОТО)

28 қараша 2024 409 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Рахымқызы Раиса ана» мешітінде «Әке – отбасы тірегі» тақырыбында жамағатқа семинар өтті.

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің аясында құрылған «Әкелер мектебі» клубының бастамасымен өткен шарада отағасының жанұядағы және қоғамдағы орны, оның атқарар міндеттері жайлы сөз қозғалды.

Басқосуға қатысқан көнекөз мешіт ақсақалдары жастар қауымына өнегелі әңгімелерін өрбітіп, өздерінің өмірден түйген үгіт-насихаттарын айтты. Ал, құлшылық үйінің қызметкерлері дін мен дәстүр аясында отбасыға қатысты жамағатқа сұрақтар жолдап, дұрыс жауап берген жандарға «Muftiyat» баспасынан шыққан кітаптарды тарту етті.

Жиын соңында әрбір отбасыға Алланың берекеті мен тыныштығын тілеп, дұға-тілектер жасалды.

Пікірлер Кіру