РАНТ мүшесі – Ақтөбе өңірінде

22 қыркүйек 2021 2614 0
Оқу режимі

Ақтөбе өңіріне облыстық дін істері басқармасының  ұйытқы болуымен РАНТ мүшесі, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы, «Muslim.kz» ақпараттық, рухани-ағарту порталының редакторы Мақсатбек Қайырғалиев арнайы іссапармен келді.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазіреттің бастамасына орай 7 бағыт аясында Ақтөбе өкілдігінде РАНТ сапарларын ұйымдастыру жолға қойылған болатын. Аталған іссапар барысында Ақтөбе облысының бас имамы Серікжан Еншібайұлы Мақсатбек Қайырғалиевпен кездесіп, 5 күндік сапар жоспары талқыланды.

РАНТ мүшесі Ақтөбе қаласында ДД мүшелерімен жалпы және жеке кездесу өткізді. Сонымен қатар «Нұр Ғасыр» мештінде асыр намазынан кейін жамағатқа «Ихсан ілімі» мен «Ғапылдық» туралы уағыз насихат айтты. Одан өзге іс-сапар жоспарына сәйкес, 22 қыркүйек күні Ақтөбе медресе-колледжінде «Діни білім алудағы жауапкершілік» тақырыбында шәкірттермен кездесу, 23 қыркүйек күні Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма намазынан кейін «Діни оңалтудың заманауи әдістері» атты тақырыбында Ақтөбе қаласының имамдары мен ҚАЖ түзету мекемелерінің теологтарына арналған семинар өтеді.

Іссапар Алға мен Хромтау ауданында жалғасын табады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру