РАНТ мүшесі медресе студенттерімен жүздесті (ФОТО)

31 мамыр 2021 2301 0
Оқу режимі

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Батыржан Мансұров Ақтөбе өңіріне жасаған сапарында «Ақтөбе» медресе-колледжінің шәкірттерімен арнайы кездесті.

Медресе студенттерімен өткен жүздесуде РАНТ мүшесі болашақ дін қызметкерлеріне ой түйерлік насихат айтты. Білім алып жатқан шәкірттермен сыр тарқатып, өз басынан өткен оқиғалармен, дін жолындағы іс-тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, биылғы түлектердің алдағы қызметтіне сәттілік тілеп, дін жолында ықыласпен тер төгудің маңыздылығына тоқталды.

Жандүниеңді шымырлатып, мақсатқа жетуде үлкен жігер боларлық құнды дүниелер сөз болған жүздесуде шәкірттер түрлі қызықты сауалдарын қойып, дәйекті жауаптарға қанық болды.

Діни білім ордасына барған Батыржан Берденұлы медресенің тыныс-тіршілігімен танысып, медресе ауласында орналасқан спорт кешенін аралады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру