РАНТ: ТҮЗЕУ МЕКЕМЕСІНДЕ «ОТАНДЫ СҮЮ – ИМАННАН» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

10 шілде 2026 64 0
Оқу режимі

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №64 мекемесінде жазасын өтеушілермен ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қанатқали Такиров пен Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы Рақымқазы Қабдысалым «Отанды сүю – иманнан» тақырыбында насихат айтты.

Дәріс барысында Отанға деген сүйіспеншілік, ел бірлігі мен қоғамдық келісімді сақтау, азаматтық жауапкершілік, адал еңбек ету, заңға құрметпен қарау және рухани-адамгершілік құндылықтардың маңызы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар дәстүрлі исламның құндылықтары насихатталып, діни сауаттылықты арттыруға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға 18 жазасын өтеуші қатысты сондай-ақ 5 азаматпен жеке кездесу өткізіліп, олардың діни және өмірлік мәселелерге қатысты сауалдарына жауап беріліп, тиісті бағыт-бағдар ұсынылды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру