Ресейдің Азиялық бөлігінің Бас мүфтиі құттықтау жолдады (ФОТО)

10 ақпан 2020 4228 0
Оқу режимі

Ресейдің Азиялық бөлігі мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти шейх Нафигулла Аширов ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфтиі Наурызбай қажы Тағанұлына құттықтау хат жолдады.

Нафигулла Аширов құттықтау хатында Қазақтың тарихи мұрасын сақтап, Ислам құндылықтарын дамыту және халықтар арасындағы бауырлас байланысты жолға қою еларалық ынтымақтастыққа тың серпін беретінін атап өткен.

«Құрметті Бас мүфти, Сізді жаңа қызметіңізбен шын жүректен құттықтай отырып, отбасымыздың бүтіндігіне, дініміздің беріктігіне, Қазақстан халқына, тұрақтылық пен бейбітшілікке қызмет етуде зор табысқа жетуіңізге тілектеспін» делінген құттықтау хатта.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру