РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-НАСИХАТ ТОБЫНЫҢ МҮШЕСІ АСТАНА МЕШІТТЕРІНДЕ НАСИХАТ ЖҮРГІЗДІ

10 шілде 2026 61 0
Оқу режимі

ҚМДБ Республикалық ақпараттық-насихат тобының мүшесі Қанатқали Такиров жұмыс сапарымен Астана қаласына келіп, елорда мешіттері мен бірқатар мекемелерде жамағатпен кездесулер өткізіп, діни-ағартушылық насихат жүргізді.

Кездесулер барысында жамағатқа дәстүрлі ислам құндылықтары, қоғамдағы бірлік пен татулық, Отанға деген сүйіспеншілік, жақсылыққа үндеп, жамандықтан тыю, азаматтық жауапкершілік және рухани-адамгершілік тәрбиесі тақырыптарында уағыз-насихат айтылды.

Сонымен қатар Қанатқали Такиров Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты мекемелерде де кездесулер өткізіп, жазасын өтеушілермен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Басқосуларда дәстүрлі исламды ұстанудың маңызы, діни сауаттылықты арттыру және деструктивті діни ағымдардың алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.

Іс-шаралар барысында қатысушылар өздерін толғандырған діни сауалдарын қойып, маман тарапынан жан-жақты жауаптар алды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру