«Республикалық Құран байқауларының тарихы» жарық көрді

13 қазан 2021 148 0
Оқу режимі

Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан республикалық жарыстардың 10 жылдық мерейтойына орай «Республикалық Құран байқауларының тарихы» атты еңбек жарық көрді.

Тәуелсіздік жылдары қазақ даласында әртүрлі Құран жарыстары өткенмен, алғашқы республикалық байқау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйытқы болуымен 2000 жылы Алматы қаласында ұйымдастырылды. Жас қарилардың бағын жағып, қалың жұртшылыққа танымал еткен республикалық байқау былтыр тоғызыншы мәрте елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойына ұйымдастырылса, биыл киелі Түркістан шаһарында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай оныншы рет өтуде.

Аталмыш еңбекте Діни басқарманың ұйымдастыруымен өткен республикалық Құран жарыстары жайлы қысқаша ақпарат пен тарихи суреттер қамтылған.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру