Рухани Жастар: «2020 жылы жетістікке жететін адамның күнделігі» талқыланды 

01 наурыз 2020 6335 0
Оқу режимі

Бүгін Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ өкілдігі «Рухани жастар» қанатының ұйымдастыруымен «2020 жылы жетістікке жететін адамның күнделігі» кітабының авторы Арман Әлменбетпен кездесу өтті.

«Инстаграмда пост жазғаннан не пайда?» тақырыбы аясында инстаграмда пост жазуға қатысты тың инсайттар айтылып, автор өз тәжірибелерімен бөлісті. Сондай-ақ, оған қатысты кітаптар тізімі берілді. Кездесу соңында келген қонақтар тақырып аясында сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты.

Айта кетсек, «Рухани Жастар» қанаты аясында өтетін пайдалы кездесулер әлі де жалғасын табады.


 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру