«С. Ғылмани»: Мемлекеттік рәміздер күніне орай танымдық іс-шара өтті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде ұйымдастырылған «Имани жаз» сауат ашу курсының оқушыларына арналған тағылымды іс-шара өтті.
Іс-шара аясында балаларға Қазақстанның Мемлекеттік Туы таратылып, мемлекеттік рәміздер туралы танымдық ақпараттық брошюралар үлестірілді. Шараның негізгі мақсаты – жас ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты қалыптастыру, сондай-ақ Мемлекеттік Ту, Елтаңба және Әнұранның мәні мен маңызын түсіндіру.
Кездесу барысында оқушыларға мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы мен мазмұны туралы мәлімет беріліп, олардың ел тәуелсіздігі мен ұлттық бірліктің басты нышандары екені айтылды. Сонымен қатар балалар рәміздерге құрмет көрсету әрбір азаматтың маңызды міндеті екенін түсініп, өз ойларымен бөлісті.






Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі