«Сәдуақас Ғылмани» мешітінде әрлеу жұмыстары басталды (ФОТО)

03 наурыз 2021 3932 0
Оқу режимі

Көңілдерге жылу ала келген көктем айы басталысымен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде әрлеу-жөндеу жұмыстары басталып отыр. 

Елордамыздағы тарихи мешіттердің бірі саналатын құлшылық ордасы қаланың ел астанасына айналуынан кейін Елбасының тапсырмасымен қайта тұрғызылып, сәулеті келісті жаңа ғимарат  пайдалануға берілген болатын.

Міне, одан бері де ширек ғасырдай уақыт өтіп, мешіт ғимаратының жөндеу-әрлеу жұмыстарына мұқтаждығы байқалып келген болатын. Осы орайда ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай, бас шаһардағы тарихи нысандардың бірі болған Ғылмани мешітінде жөндеу, әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Әрлеу жұмысы Байқоңыр аудандық әкімдік пен жергілікті азаматтар қаржылай көмек қолын созуының арқасында іске асып отыр.

Пікірлер Кіру