«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ АҚСАҚАЛДАРДЫҢ БАТА БЕРУ САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

23 наурыз 2025 793 0
Оқу режимі

ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің ұйымдастыруымен II Республикалық бата сайысына іріктеу өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Іс-шараға Астана қаласының және «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің бас имамы Руслан Байзақов және ақсақалдар қауымы қатысты.

Қазылар алқасында «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Абдулахад Сманов, «Шейх Кунта қажы» мешітінің бас имамы Өмірзақ қажы Қазкенұлы, ҚР ҒЖБМ Мемлекет тарихы институтының тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, тарих ғылымдарының докторы Мақсат Алпысбесұлы төрелік етті.

Сайыста көнекөз қарттарымыз асыл сөзден маржан теріп, бата берудің сан түрлі үлгісін көрсетті. Әрбір қатысушы өзінің ерекше стилі мен мақамы бойынша көзге түсіп, қазылар алқасының шешімі бойынша II Республикалық бата сайысында «Әлжан ана» мешітінің жамағаты, батагөй ақсақал Өтеген Айшуақов Астана қаласы өкілдігінің намысын қорғайтын болды.
  
Сайыста басқа да жүлделі орын алған  жеңімпаздар тізімі төмендегідей:

I орын – Көпжасаров Манарбек («Көктал» мешіті)
II орын – Мырзатай Шайсұлтанұлы («Әзірет Сұлтан» мешіті)
III орын – Хали Хуаныш («Әс-Сәлам» мешіті)

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру