«СӘДУАҚАС ҚАЖЫ ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

18 наурыз 2025 538 0
Оқу режимі

Құран түскен қасиетті Рамазан айының құрметіне Астана қаласындағы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жамағат арасында Құран сайысы өтті.

Құлшылық үйінің бас имамы Руслан Байзақовтың басшылығымен өткен Құран жарысында мешіт шәкірттері «Дұха» мен «Нәс» сүресі аралығы және 30-пара бойынша жатқа және мәнерлеп оқудан өз шеберліктерін көрсетті.

Сайыста білікті қазылар алқасы тағайындалып, қатысушылардың қырағаты яғни, Құран оқу мәнері, тәжуид ережелерін сақтауы және дауыс ырғағы жан-жақты бағаланды.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дереккөз: ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру