САУД АРАБИЯСЫНЫҢ МИНИСТРІ БАС МЕШІТКЕ КЕЛДІ (ФОТО)

27 қыркүйек 2022 419 0
Оқу режимі

Бүгін Астанадағы Республикалық бас мешітке Сауд Арабиясының Қажылық және ұмра министрі Тауфик ибн Фаузан әр-Рабиа бастаған делегация келді.

Қадірлі қонақтарды ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, Республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қоянбекұлы қарсы алып, мешіт тынысымен, сәулетімен, көзделіп отырған жоспарларымен жан-жақты таныстырды.

Сауд Арабиясынан келген меймандар Бас мешіттің келбетіне сүйсініп, оң тілегін білдірді.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру