САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАЛДЫ (ФОТО)

01 маусым 2023 1594 0
Оқу режимі

Елордалықтар мен жергілікті тұрғындар «Алжир» музей-мемориальдық кешені аумағында саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алды, деп хабарлады Elorda.info

Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов, ҚМДБ Астана қаласының Бас имамы Ерболат Жүсіпов және зұлмат жылдар құрбандарының жақындары, қоғам өкілдері қатысты.

Қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, саяси қуғын-сүргін құрбандарының рухына бағыштады.

XX ғасырдың 1930-1940 және 1950 жылдарының басындағы саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу қабырғасына гүл шоқтары қойылғаннан кейін  қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Өз тарихын білмеген халықтың болашағы жоқ. Өткенді ұмытпауымыз керек. Сол себепті жиылған жұрт «Алжир» музей-мемориальдық кешенін аралап, тарихтан сабақ алуға тырысты.

Дереккөз: Elorda.info

Пікірлер Кіру