«Шариат в таблицах» кітабының танытымы өтті (ФОТО)

23 ақпан 2022 2741 0
Оқу режимі

Ғұламалар кеңесінің ХХХІІІ мәжілісінде «Шариат в таблицах» кітабының танытымы өтті.

«MUFTIYAT» баспасынан жарық көрген жаңа кітаптың танытымына ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған Ғұламалар кеңесі мүшелері қатысты.

Кітапта Ислам діні мұсылмандарға міндеттеген ғибадаттардың Ханафи мәзһабына сай оқылуының қысқаша анықтамалығы берілген. Кітап намаз, ораза, зекет және қажылыққа қатысты барлық мұсылман үшін маңызды сауалдардың жауабын кесте түрінде беруімен ерекшеленеді.

«Шариат в таблицах» кітабыәл-Марғинани, әл-Қудури, әл-Маусыйли, аш-Шурунбуләли, әл-Көккөзи сынды белгілі Ислам ғалымдарының еңбектеріне сүйеніп дайындалған. Кітапты құрастырып, баспаға әзірлеген – исламтанушы Аңсаған Абдрахман.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру