ШЫМКЕНТ: Имамдар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды

19 қазан 2018 7954 0
Оқу режимі

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шымкент қаласы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен марқұм Әшірбай қажы Орашұлының құрметіне имамдар арасында Құран жарысы ұйымдастырылды.

Аталмыш шараны ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы Бақтыбай Бейсенбаев ашып, барша қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарысқа ҚМДБ-ның Шымкент қаласы бойынша өкіл имамы орынбасары М.Естеміров, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының директоры Ы.Майлан, «Сарыағаш» медресе-колледжінің ұстазы Б.Жүсіпов, «Ықылас» қарилар дайындау орталығының ұстазы К.Садықов, «Шымкент» медресе-колледжінің ұстазы Ғ.Оққасов, Орталық мешіттің ұстаздары О.Өзташ, М.Сәрсенбаевтар төрелік етті.

Жарыс үш аталым бойынша жүргізілді. Жарыс барасында «Имамдар арасында мәнерлеп оқудан» 1-ші орын иегері «Нарынбай ата» мешітінің имамы М.Миракмал, 2-ші орын «А.Қаттани» мешітінің наиб имамы Т.Ақтөре, «Байғұт баба» мешітінің наиб имамы А.Медетбеков ие болды.

Сонымен қатар, жас қариларымызды жігерлендіру мақсатында қосымша екі айналым ұйымдастырылды. «Қарилар арасында толық Құран бойынша» 1-ші орын иегері З.Жанғазиев, 2-ші орынды Б.Жеткербай, 3-ші орынды Д.Рамазан алса, ал «Шәкірттер арасында 10 пара бойынша» 1-ші орын А.Махан, 2-ші орын А.Каров, 3-ші орынға  А.Жүнісов иегер атанды. Ал қалған қатысушыларға өкілдік тарапанан алғыс хат пен қаржылай сый-сияпат берілді.

Айта кету керек, осы жарысқа орыс ұлтының өкілі Андрей Манькеевич деген азамат 10 пара бойынша қатысып таңдай қақтырды.

Айтулы шараның бас демеушісі Әшірбай қажы Орашұлының ұрпақтарына алғыс айтамыз.

Дереккөз: http://muftyat.kz

Пікірлер Кіру