Сіріңкеден мешіт макетін жасаған азамат туындысын сыйға тартты (ФОТО)

30 шілде 2021 602 0
Оқу режимі

Ашылғанына тоғыз жылға жуық уақыт өтсе де «Әзірет Сұлтан» мешіті әлі күнге дейін көрген жанның таңданысын тудырып келеді. Алыс-жақын шет елдерден келген қонақтардың да Бас мешітке бас сұқпай өтетіні кемде-кем. Сәулеті мен сәні келіскен алып құлшылық ордасы бүгінгі таңға дейін қаншама жамағаттың сүйікті мекеніне айналған.

Осы кезге дейін қаншама жан өз махаббатарын жырға айналдырып немесе майлы бояу арқылы жеткізуге тырысып, «Әзірет Сұлтан» мешіті жайлы қаншама жыр жолдары мен суреттер дүниеге келген болатын. Алайда, жақында ғана мешітімізге ат басын тіреген астаналық Жүнісов Самат Тотайұлының туындысы тіптен ерекше болды. Ол сіріңке шиінен «Әзірет Сұлтан» мешітінің макетін жасап шыққан екен.

Ерекше ептілікті қажет ететін бұл жұмысқа ол аттай бір жыл уақытын жұмсаған көрінеді. Сондай-ақ, «мешіт тұрғызу» үшін 15 000 сіріңке шиін жұмсаған. Мешітке деген махаббатын осылай бейнелеп шыққан Самат Жүнісов туындысын сыйға тарту үшін «Әзірет Сұлтан» мешітіне арнайы келген. Мешіт басшылығы Саматтың бұл сыйлығын үлкен қошаметпен қабыл алып, өкілдік атынан алғыс білдірді.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру