СМАҒҰЛ ЕЛУБАЙ: БІЗГЕ РУХАНИ ТҰРҒЫДАН КҮШТІ БОЛУ КЕРЕК (ФОТО)

24 қараша 2022 2042 0
Оқу режимі

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен республикалық ғылыми-танымдық конференцияға қатысқан белгілі жазушы Смағұл Елубай осылай деді.

«Қазір біз бұрын-соңды көз көрмеген көптеген әдепсіз әрекеттер мен қылмыстық істердің куәсі боп жүрміз. Адам арсыз іске не үшін барады? Бұл – иманның әлсіреуі. Адам рухани байлығынан айырылса өмірдегі барлық нәрсені, барлық нығметті жоғалтады. Сондықтан біз рухани тұрғыдан күшті болуымыз керек. Біз Құдайдан иман байлығын сұраған халықпыз. Халықтың иман байлығын арттыруда мүфтият қызметкерлері көп еңбек етіп келеді. Бүгінгі басқосу – соның айқын дәлелі» деді жазушы.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру