Терроризм бабымен түрмеде отырған жігіт өкінішін айтты

31 қазан 2019 4233 0
Оқу режимі

19 жасында терроризмді насихаттап, тыйым салынған видеоларды қарағаны үшін бас бостандығынан айырылған ақтөбелік Ермек Елтаев өзінің өкінішті оқиғасымен бөлісті. Отыз жасқа қарағанында бостандыққа шыққан жігіт басқаларға сабақ болуы үшін өз жағдайын баяндап берді. Өзінің айтуынша, ол 2008 жылы 18 жасында намаз оқуды бастаған екен.

«Ол кезде Қандыағаш қаласында мазхаб ұстанатындар өте аз болатын. Интернеттің енді дамып жатқан кезі. Жиһадқа шығуға қатысты неше түрлі видеолар жүрді. Жас болдық, бала болдық… Діни біліміміздің жоқтығынан қателесіп, мешіттен білім алған жоқпыз. Адасушылыққа түсіп қалдық. 2009 жылдары мешіттен тыс үйлерде жамағат болып жиналып, неше түрлі жат ағымның лекцияларын тыңдап, видеолар көрдік», – дейді Ермек Елтаев.

Жас ғұмыры темір тордың ар жағында өткен жігіт есіл күндерін өкінішпен еске алады.

«Тағдыр, сынақ шығар… Сол он жылдың ішінде имамдармен, теологтармен кездестік. Ойлануға уақыт жеткілікті болды. Қазір Әбу Ханифа мазхабымен құлшылық қылып жүрмін. Ислам діні әрқашан ата-анаға жақсылық қылуды насихаттаған. Туыстық қатынасқа көп көңіл бөлген. Жастарға айтарым, бәріміз қазақпыз, ата-бабамыз қазақ. Бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Бір жолда бір басшыға, бір имамға бағынып, тату өмір сүргенге жетсін! Бөлінгенді бәрі жейді, бір болайық», – дейді ол. 

Пікірлер Кіру